top of page
i1souznik.jpg

Қазақстанда трансгендер адамдар осал топ болып келеді. Трансфобия және дәрігерлердің түсінбеушілігінен жиі трансгендер адамдарға медициналық көмек алу қиынға түседі.
Жұмысқа орналасу және білім алу мекемелерінде, түрлі қызметтерді алу кезінде көп
жағдайда трансгендер адамдар кемсітушілікке тап болады. Трансгендер адамдар зорлық-зомбылыққа тап болады және көп жағдайда қарсыласуға немесе құқық бұзушыларды жауапқа тартуға мүмкіндік берілмейді. Трансгендер адамдардың құқықтары бұзылады.
Қазіргі басым жағдайға байланысты трансгендер адамдар өздерінің гендерлік ерекшелігі қабылданбайтын және сұрақталмайтын қоғамда өмір сүрудің салдарын жеңу үшін психологиялық көмекке жиі мұқтаж болады.
Сондықтан біз заңгерлерді және құқық қорғаушыларды, әртүрлі мамандықтағы
дәрігерлерді, психологтарды және басқа мамандарды трансгендер адамдарға одақтас
болуға шақырамыз.
Егер сіз трансгендер адамдарға көмектесуге және әріптестеріңізді гендер және гендерлік ерекшелік туралы ағартуға ​​дайын болсаңыз, бізге жаза аласыз. Сізге осыған көмектесетін ақпарат береміз.
Егер сіз трансгендер адамның ата-анасы немесе жақын танысы болсаңыз және
балаңызды немесе жақын адамыңызды жақсырақ түсінгіңіз немесе көмектескіңіз келсе,
бірақ оны қалай екенін білмесеңіз, бізге жаза аласыз. Біз сізге трансгендер адамдар
туралы ақпарат бере аламыз, бұл сіздің жақындарыңызды жақсы түсінуге көмектеседі.
Әлемді бірге жақсартайық.

bottom of page