top of page
I

Трансгендер адамдарға арналған гормондық терапия. Эндокринологпен сұхбат


Қазіргі заманда, интернеттің көмегімен шексіз ақпарат ағынына қол жеткізе аламыз. Өкінішке орай барлық ақпарат шындыққа сәйкес келмеуі мүмкін. Сондықтан, шындықты ажырата алу үшін белгілі мағлұматтарды игеру керек.

Бұл мақалада трансгендер адамдарға арналған гормондық терапия жайлы әңгіме қозғалады, және қызығушылық танытатын сұрақтарға эндокринолог Головкина Олеся Алексеевна жауап берді. Алмастырушы гормондық терапия (АГТ, ағылшын тілінде HRT (Hormone Replacement Therapy)) – бұл гормондық препараттарды бұлшық етке инъекция жасау арқылы, ауыз жолы немесе тері арқылы (трансдермальді терапия) қабылдау. Трансгендер адамдарға және жыныстық ыңғайсыздық сезінетін адамрға өздерін қабылдауға және жақсы сезінуге маңызды қадам болып табылады.


Көптеген трансгендер адамдар жыныстық дисфориядан құтылу үшін гормондық препараттарды өз бетінше немесе трансгендер таныстарының тәжірибесіне сүйене отырып қабылдауды бастайды. Көп жағдайда өз ағзасына зиян келтіруы мүмкін екенін еске алмайды. АГТ бастар алдында міндетті түрде медициналық тескеріс өту қажет және препараттарды дәрігердің карауымен қабылдау қажет. Сонымен, кандай анализдер тапсыру керек?

Олеся Алексеевна:


Бірінші кезекте, тексеріс өтіп жатқан адамда кез-келген эндокриндік ауытқулар бар-жоғын анықтау керек. Егерде ешқандай ауытқулар болмаса және бұған дейін эндокринологтың карауында болмаған, тізімінде тіркелмеген болса, онда келесі гормондарға анализ тапсырылады: ФСГ (фолликула үдейткіш гормон), ЛГ (лютеи-нотроптың гормон), эстрадиол, пролактин, прогестерон, транс еркек пен транс әйелдергі еркін тестостерон деңгейі. Транс еркектерге белгілі циклде тапсыру керек, транс әйелдерге кез-келген уақытта. Егер көрсеткіштер болса басқада анализдер тапсырылады, мысалы, ТТГ (тиретропты гормон, гипофизден бөлінеді, зат алмасу процесін реттейді және қалқанша безінің жұмысын басқарады) немесе глобулин, жыныстық гормондарды біріктіруші. Сонымен коса кардиограмма, кіші жамбас мүшелерін УДЗ, сүт және емшек бездерін УДЗ, простата безін және жұмалақты УДЗ, іш қуыс мүшелерін УДЗ.


Қан талдауы – бұл липидограмма (май алмасуының бұзылуын және жүрек-тамыр жүйесі ауруларының даму қаупін анықтауға мүмкіндік беретін, қанның әр түрлі фракцияларындағы липидтер деңгейін кешенді зерттеуі), глюкоза және электролиттер (қоректік заттарды жасушаларға жеткізуге және зат алмасу өнімдерін жасушалардан шығаруға көмектесетін, су тепе-теңдігін және қажетті қышқылдық деңгейін сақтайтын ағзадағы тұздар ерітіндісі). Электролиттерді, әсіресе, «Верошпирон» болашақта қабылдайтын адамдарға тапсыру маңызды. Әрине, гормондардың оң және теріс қасиеттері бар екенін естен шығармау қажет. Қандай қауіпті факторларға әсер ететінін білу керек. Мысалы, адам 40 жастан асқан және белсенді шылым шегуші болса, гормондық терапияны таңдауға аса жауапкершілікпен карау керек, өйткені, бұндай адамдарда қан ұю (тромбоз) каупі аса жоғары болады.


Егер науқастың ауру тарихында инфаркт пен инсульт болған жағдайда міндетті түрде ескеру керек. Гормондық терапия әсер ете алатын кез-келген коагулопатиялық ауруларға (қан ұюының бұзылу себебінен ағзаның поталогиялық жағдайы): варикоз, тромбоз, гемофилия және басқа да қан аураларына да катысты.

АГТ-ға аллергиясы бар адамдар, қан диабетімен ауыратын адамдар; ревматолог карауындағы және кейбір гормондық препараттар немесе бауыр жұмысын өзгертетін цитостатиктер (ісіну қарсы препараттар) қабылдап жүрген адамдар, бауыр мен бүйрек мүшелерімен байланысты кез-келген созылмалы ауруларға шалдыққан адамдар аса жауапкершілікпен көңіл бөлу керек.


Егер адам басында кез-келген маманның қарауында жүрген болса, онда гормондық терапияны бастар алдында сол маманмен ақылдасып, гормондық препараттарды қабылдауға мүмкін бе анықтап алған жөн. Өйткені барлық сұрақтарға міндетті түрде эндокринолог жауап бермейді. Мысалы, науқас бронх астмасымен пульмонологта тексеріледі және преднизолонмен иммуносупрессивті терапия қабылдайды – емдеуші дәрігерге АГТ бастамақшы екенін хабарлау тиіс. Егер адам аллергик болып келсе, кейбір гормондардың түріне және қосымша компоненттеріне әсер етуі мүмкін.


Егер адам барлық қажет анализдер мен тексерістер тапсырып, барлық нәтижелер дұрыс болса – репродукция сұрағы туындайды: адам өзінен кейін ұрпақ қалдырғысы келеді ме. Жауап оң болса, онда алдын ала ойланған жөн. Жасушаларды сақтау сұрағы туындаса, онда процедура алдында транс еркектерге ановуляция мен бедеулік бар болуын анықтау үшін фолликулометрия (аналық бездерінің жұмысын УДЗ) тапсыру керек, ал транс әйелдерге спермограмма тапсырады.


АГТ бастаған соң денеде қандай өзгерістер болады? Гормондық препараттар остеопороз немесе онкология ауруларына ұшырау қаупін тұдырады ма?


- Сыртқы өзгерістер барлығында әр-түрлі өтеді, орташа есеппен екіден үш жылға дейін уақыт қажет. Мысалға, шығыс мемлекеттер өкілдерін алып караса, оларда тестостеронға рецепторлардың жоғары сезімталдығы байқалады және еркектәрізденіс процесі тез жүреді, Азиялық және Еуропалықтарға қарағанда. Ішкі мүшелер жайлы айтсақ – ең басты білу қажет нәрсе: тестостерон препараттары қанға және тромб түзілуіне әсер етеді. Қалыпты жағдайда бұл процесс біздің ағзамызды жарақат кезінде қан жоғалтудан қорғайды. Тромб түзілу жұмысының бұзылуында тамырдың ішінде, қалыпты қан айналымына бөгет жасайтын, ұйысқан қан (тромбтар) түзіледі .


Ал әйелтәрізденіс процесі кезіндегі гормон қабылдаудан сүйектер азап шегеді деген – аңыз. Гормон жетіспеушілігін толықтырып отырмаған жағдайда ғана сүйектер зақым келеді, мысалы, зарарсыздандыру операциясынан кейін. Әйел ағзасында сүйек тінінің жағдайына эстроген жауапты, ал еркектің ағзасында – тестостерон, егер әйел міндетінің атқаруын тоқтатсақ, онда анаболикалық міндетті эстрогеннің орнына тестостерон атқаратын болады. Ал егер міндет атқаруын тоқтатып, бірақ орнын толықтырмаған жағдайда остеопороз (сүйек тығыздығының төмендеуі) қаупі жоғарлайды.


Орта есепте, қырық жастан асқан адамдарда сүйектің түзілуінде өзгерістер басталады – сүйек түзелуінен бұзылуы тезірек болады. Сүйек тінінің резорбциясы (сорып алу, сіңіру, остеолиз) тезірек болады, ал орнын толтыру баяулайды. Бұл физиологиялық, жас ерекшелік өзгерістер. Эстроген мен тестостерон сүйек түзілу процесінің қалыпты міндет атқаруын сақтайды.


Егер адам қауіп аймағында болса – жаман тұқым қуалаушылыққа бейім, оңай сүйек сындыруы, анасында ерте климакс болуы, ондай жағдайды денстометрия (сүйек тінінің минералды тығыздығын зерттеу) жасау ұсынылады. Қорытындылап, гормондар әсерінен остеопороз және онкологиялық ауруларға дұшар болады деп айтуға болмайды. Ал егерде елуден асқан кезде немесе жаман тұқым қуалаушылыққа бейім болғанда жыл сайын скринигтер өте ұсынылады.


Трансгендер адамдар өздерінің физиологиялық және эмоционалды өзгерістері жайлы не айтады:


Транс еркектер дауыс өзгеріске ұшырағанда кейде тамақ аурулары болатынын белгілейді; кейбір уақытта жыныстық қызығушылық артуын (либидо) және тәбеттің біршама жоғаралауын байқайды. Сақал өсуі ыңғайсыз болуы мүмкін. Төзімділік артуы және суыққа сезімталдылық төмендеуі байқалады. Дене иісі де өзгереді.

Транс әйелдерде дене бойындағы шаш өсуі азаяды,бұлшықет массасының және май қабаттарының үлестіруі өзгереді. Кейбіреулеріне мүлде кіші өлшемді аяқ киім алуға тура келеді.


«АГТ бастағаннан кейін ұйқымның сапасы байкарлықтай жақсарды, онымен қатар жалпы ми жұмысы да жақсарды, барлық когнитивті қызметтер одан да жақсы жұмыс атқарып кеткендей, жад қайта оралды, зейіннің шоғырлануы және күш салу біршама жеңілдеді. Оған қоса АГТ бастаған соң 15кг салмақ қостым, терім кішкене жұқарланды, тестостерон әсерінен бөртпелер жоғалып кетті, бұлшықеттер жұмсарып босаңсып қалды, бұрын қандай да бір күш-қуат болатын, ал қазір оны қайтару үшін біршама күш салу керек. Жылуға деген көзқарас кенеттен өзгерді. Бұрын оңайшылықпен төзетінмін, ал қазір ыстықтан жарылып немесе балқып кететіндей сезім болады, оның бәрі ішкі ыстық көтерілуімен қатар сезіледі. Денедегі шаштар одан да жіңішке, ашығырақ және сирек кездесетін болды». Бірақ, қайталап айтамыз, өзгерістер әр адамда әрқалай өтеді.


Гормондық терапия өту барысында денсаулықты қалай күту керек?


- АГТ өтіп жатқан науқастар қалған науқастардан ешқандай айырмашылығы жоқ, тек тромб түзілу қаупі, жүрек-тамыр ауруларының қаупін бақылап жүру керек; егерде ауру тарихында қандай да бір аурулар болған жағдайда жылына бір рет немесе белгілер бойынша ағзаның жағдайын бақылап отыру керек. «Верошпирон» қабылдап жүрген адамдар жылына бір рет электролиттерге анализ тапсыруы қажет. Кардиограмма, биохимия, бауыр және бүйректі тексеретін анализдер – олар да белгілер бойынша тексеріліп тұру керек, егер бастапқы патология болса - мысалы, адам гепатиттің бір түрін бастан кешірген болса, ондай жағдайда үш айда бір рет тексеріс өткен жөн. Адам сау және ешқандай патология байқалмаса – жылына бір рет өткен жеткілікті.


Препарат мөлшері қалай тағайындалады, барлығына бірдей бола ма және қандай қауіп төнуі мүмкін?

Кейбір науқастар ұқсас жағдайларда, ұқсас диагнозда неге оларға әртүрлі препараттар және әртүрлі мөлшерде тағайындайтынын түсінбейді. Кейде трансгендерлер дәрігердің қарауынсыз, «үлкен» ағайындыларының кеңесімен, өз бетінше шамадан тыс мөлшерде гормондар (емдік дәрі-дәрмектер) қабылдай бастайды. Неліктен біріне басқа, екіншісіне мүлде басқа препарат тағайындайды?


- Біріншіден, ағзаның меншікті бөлінетін гормондар деңгейі анықталады. Ағзада әртүрлі қажеттіліктер болады, әртүрлі алмасу процестері болады. Мысалы, бір транс әйелде орхиэктомия жасалынған (аталық бездерін алып тастау), басқа әйелде жасалынған жоқ; бір транс еркекте бауыр ауруы бар, сол себепті оған инъекция емес асқазан-ішек жолдарын, жалпы қан ағымын айналып өтетін, ағзаға трасндермальді жолмен енетін пластырь тағайындауы мүмкін, бауырға зақым келтірмеу үшін. Немесе екі аптада бір рет салынатын инъекцияның орнына үш айда бір салынатын инъекция қабылдауға болады. Таблетка тәріздес дәрі-дәрмектер көп жағдайда бауыр арқылы өтеді. Сондықтан препараттар әркімге жеке таңдалады, бір адамға қажет болғанда препаратты ауыстыруға болады. Барлығы оның гормон деңгейіне және қол жеткізгісі келетін әсерге байланысты.


Қандай қауіптер төнуі мүмкін жайлы айтсақ, барлығында бәрі бірдей, жыныстық айырмашылықтар жоқ, бірақ қатар жүретін аурулар бойынша бөлінеді. АГТ-ны 45 жасында бастайтындар, шылымқор, алкоголь ішетіндер және гепатитпен ауырған адамдар. Мысалға, «Арман» делік, оған 20 жастағы спортпен айналысатын, денсаулығы мықты «Петяға» арналған АГТ тағайындауға болмайды.


АГТ кезінде жүрек-тамыр аурулар қаупі артық салмақты адамдарда артуы мүмкін. Немесе, мысалы, транс еркекте бірінші типті қант диабеті – ол нефропатияға (қант диабетінің асқынуы, бауырдағы тамырлардың зақымдануы) шалдыққан деген сөз, ондай адамға көп мөлдерде препараттар қабылдауға бола ма? Әрине, жоқ.

Және атап өткен жөн, тестостерон – бұлшықет жиырылуын және тамыр спазмын шақыратын анаболик. Гипертониктерде тестостерон криз (қан қысымының шамадан тыс жоғарлануынан туындаған төтенше ауыр жағдай) шақыруы мүмкін.


Гормондар қабылдаған соң міндетті түрде зарарсыздандыру операцияларын жасау керек пе?


- Қазақстандағы заңнаманы көңілге алмаса – керек емес. (ескерту. Транс адамдар құжаттарды ауыстыру үшін міндетті түрде хирургиялық түзету операцияларынан өту қажет)

Гормон кабылдайтын транс адамдар қысқа өмір сүретіні шын ба?

- Жалған. Кез келген аурулар болған кезде қаза табу қаупі транс және цис адамдарда бірдей. Ешқандай патология байқалмаған болса, уайымдайтын еш нәрсе жоқ. Ең басты – өз денсаулығын күту және уақытылы керек анализдер тапсырып отыру.


Мысалы, гипогонадизммен (тестостерон жетіспеушілігі) туылған және өмір сүріп жүрген еркектер бар, олар да өмір бойы гормон қабылдайды. Тыныш қарт жасына дейін өмір сүреді.


Гендерлік дисфорияға қарсыласуға гормондар көмегін тигізеді ме?

- Менің ойымша, өздігінен жоқ. Жалғыз көмегі тиюі мүмкін нәрсе ол – табысты әлеуметтену, өз орнында транс адамға өте маңызды нәрсе. Бірақ психологиялық мәселелер ешқайда жоғалмайды, жағдай орнықталмағанша мамандардан көмек сұраған артық болмайды.


Эмоционалды күй өзгереді ме?

- Мен кездестірген транс адамдардың эмоциалды күйлері АГТ бастаған соң әлдеқайда жақсарған, бастамаған кезімен салыстырғанда. Оларда қалаған нәрсесіне қол жеткізгені жайлы ойдан ләззат пайда болады. Кейбіреулерінде көп жағдайда бірінші сұрақ «мен қалай көрінемін»? «Өте жақсы» деген жауап алып толық қанағаттандырылып кетеді. Гормондар қабылдай бастаған соң транс еркектер байсалды, ал транс әйелдер керісінше эмоционалды болуы мүмкін. Әсіресе бірінші уақыттарда, өйткені гормондар біздің бүкіл ағзамызға және мінез-құлық пен танымдық қызметтерді қоса жүйенің жұмысына әсер етеді. Алғашқы уақытта, меншікті гормондардың деңгейі төмендей бастағанда мено және андропаузаға ұқсас нәрсе пайда болады. Қатты ыстықтау, тершеңдік, психоэмоционалды күйдің өзгеруі, ұйқының бұзылуы, әлсіздік, апатия немесе, керісінше, агрессия болуы мүмкін. Бұндай күй ағза гормондарға үйреніп және олардың деңгейін қалпына келтіргенше 2-4 айға созылуы мүмкін.


Бастапқы күйде кері қайтару мүмкін бе және қандай жағдайларда?


- Мүмкін. Бірінші кезекте, әрине, науқастың өз қалауымен. Сонымен қатар гормондарды мүлдем қабылдауға қарсы көсерткіштер болғанда АГТ-ны уақытша тоқтата тұруға немесе мүлде тоқтатуға себеп болуы мүмкін. Бұл жерде түсіндіру маңызды, карсы көрсеткіштер абсолютті және салыстырмалы болады. Абсолютті қарсы көрсеткіштер нұсқалары – науқаста инфаркт, және онда стент орналастырылған болса (қуыс мүшелердің, мысалы, жүректің немесе өт жолдарының коронарлық тамырларына орналастырылатын және патологиялық процестің тарылуымен аймақтың кеңеюін қамтамасыз ететін арнайы қаңқа). Ондай адамдар қатаң терапияда қаралады, ал біз тағы қайталап айтамыз, АГТ кезінде тромб түзілу қаупі артады, және тестостерон криз шақыруы мүмкін. Бірақ мұндай жағдайларда да бәрі жекелей шешіледі. Мүмкін бастапқы күйде кері қайтарудың орнына тек аурудың өткір кезеңінде немесе қалпына келтіру кезеңінде үзіліс жасайтын шығар. Немесе гормондық терапияның басқа түріне көшіруге болуы мүмкін.


Тағы абсолютті қарсы көрсеткіштердің мысалы – созылмалы бүйрек немесе бауыр жеткіліксіздігі, органдар трансплантациясы немесе гемодиализ жайлы сұрақ туындаған терминалды сатысындағы жағдай. Немесе науқаста бауыр циррозы (В гепатитінен, мысалы) болса, бізде препараттар мен қабылдау мерзімі сұрағында шектеулер пайда болады. Егер науқас АГТ қабылдауды талап етсе, ондай жағдайда емдеуші дәрігермен барлық сұрақтарды мұқият талқылау қажет – инфекционистпен немесе гепатологмен, және эндокринологпен бірге препараттар тағайындау керек. Жалпы, әрдайым дәрігерлермен бірге әрекет жасау керек және АГТ кезінде өзгеруі мүмкін препараттардың құрамын бақылап жүру керек. Салыстырмалы қарсы көрсеткіштер жайлы айтсақ, ағзаны жөнге салуға әлде жұмыс істеуге болады. Біраз уақыт АГТ қабылдамаған транс әйелдің өз жағдайы жайлы айтуы:

«Менде гонадтар мен АГТ-сыз бір кезеңдерді бастан кешірдім, және ол ең қиын кезең болды. Басым өте нашар жұмыс істейтін, ұйқы кезінде түстер көрмейтінмін, әрдайым күш-қуат біресе келіп біресе жоғалып кететін, көңіл аударуым төмендейтін, депрессия кезіндегідей мотивациялар жоқ болатын».


Гормон қабылдап жүрген транс адамдар өздерінің репродуктивті функцияларын қайта қалпына келтіре ала ма?


Келтіре алады. Бірақ мұнда гормондық препараттарды қабылдап жүрген мерзімге көп нәрсе байланысты. Репродуктивті функцияларды қалпына келтіруге қажет мерзімге және жалпы қайта қалпына келтіруге АГТ-ны қабылдап жүрген мерзім әсер етеді. Өйткені гормондарды ұзақ уақыт қабылдағаннан, сырттан басынғаннан меншікті гонадтардың (жыныс бездері) атрофиясы болады. Репродуктивті органдардың инволюциясы басталады және ешқалай дамымайды, яғни адамды гетерогенді гипогонадизм күйіне келтіреміз, содан кейін адамда меншікті гонадтар қайта қалпына келтірілмейді.


Қайтымсыз уақыт болып 2-3 жыл саналуы мүмкін, бірақ 4 жыл АГТ-дан кейін де өздерінің генетикалық балалар сүйген транс адамдар болған. Әрине, он жыл бойы гормондар қабылдап жүрген адам ата-ана бола алмайды, сондықтан трангендер адам болашақта бала сүйгісі келеді деген оймен тіпті ең аз мүмкіндікпен ойланса, жыныс жасушаларын сақтау жайлы алдын ала ойланғаны жөн.


Жыныс жасушаларын сақтау – бұл жасушаны өмірге жақын күйге келтіру, анабиоз сияқты. Барлық процестер өз орнымен жүреді, бірақ өте баяу. Жасуша тірі де өлі де емес.


Бірінші кезекте, өз тұқымын жалғастырғысы келетін науқас АГТ-ны тоқтатады, яғни ешқандай мөлшерді біртіндеп азайту жоқ, препараттарды бір сәтте тоқтату. Үш ай өткен соң меншікті гормондардың жағдайын тексеретін анализ тапсыру және УДЗ жасау қажет. Транс еркектерде циклдің қалпына келуі тексеріледі, ал транс әйелдер спермограмма тапсырады, құнарлылық тексеріледі. Ұрықтандыру немесе жүктілік гормон қабылдау тоқтатылғаннан кейін бірден болады деп күтудің қажеті жоқ, шыдамдылық танытуға тура келеді. Егер белгісіз себеппен қалпына келтіру ойдағыдай болмаса, ағзаны стимулиялау бастау керек.


Қорытындылайық: гормондық терапия – қорқытатын қорқынышты құбылыс емес, АГТ-мен ұзақ және бақытты өмір сүруге болады. Ең басытысы – өзіңізге қамқорлық көрсетіңіз, өз денсаулығыңызды күтіңіз және өзсезінімнің нашарлауында дәрігерге көрсетілуді ұзаққа созбаңыз.

308 views0 comments

Comments


bottom of page