Гендерді заңды түрде тану рәсімінің аясында трансгендер адамдар құжаттарды, ең алдымен туу туралы куәлікті, жеке куәлікті және халықаралық паспортты өзгерту міндетін қояды. Біреулерге бұл жеткілікті, ал біреулерге жаңа есімге барлық құжаттарды, соның ішінде сертификаттар мен білім туралы құжаттарды ауыстыру қажет.
Дипломның болмауы немесе өзі туралы ескі деректерді ашқысы келмеуі (мысалы, басқалардың тарапынан болатынын трансфобияны болдырмау үшін) жұмысқа орналасу немесе білім алу кезінде қиындық тудыруы мүмкін. Егер сіз қатаң мамандық бойынша жұмыс іздесеңіз, онда жұмыс беруші сізден біліктілік жайлы аттестаттар мен сертификаттарды талап етуі мүмкін. Егер сіздің жеке куәлігіңіз диплом/білім туралы куәліктегі мәліметтермен сәйкес келмесе, сіз қиындықтарға тап болуыңыз мүмкін.
Біз жаңа диплом алу үшін барлық инстанциялардан, ХҚКО-дан және оқу орындарынан өту тәжірибесімен бөліскен жас жігітпен сөйлестік.
Али (аты респонденттің өтініші бойынша өзгертілген) — трансгендер ер адам, Алматыда тұрады және жұмыс істейді.
Егер трансгендер адам білім туралы құжаттарды ауыстырғысы келсе, қандай заңды білу керек және қайсысына сілтеме жасаған дұрыс?
- Заң мына жерде: http://adilet.zan.kz/rus/docs/V1500010348. "Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың түрлері мен нысандарын және оларды беру қағидаларын бекіту туралы" (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 28 қаңтардағы № 39 бұйрығы) деп аталады.
Оның негізінде мен ескі құжаттарды жаңаларына ауыстырғым келді. Алдымен мен Халыққа қызмет көрсету орталығына соқпай өтіп, ЖОО-ға бардым, тегімнің, атымның, әке атымның (ТАӘ) өзгеруіне байланысты құжаттарды ауыстырғым келетінін айттым. Мені ЖОО-дан ХҚКО-ға жіберді, ХҚКО-да маған мұндай іспен айналыспайтындарын айтты және жоғары оқу орнына қайта жіберді.
Басқа амалым қалмады, маған қайтадан университетке баруға тура келді. Мен қайда ғана бармадым, қай кабинеттерге жүгірмедім, соның ішінде деканатқа да, маған қажетті ақпаратты білуге тырыстым. Нәтижесінде мені қайтадан ХҚКО-ға жібергенін болжау қиын емес.
Бұл мәселені нәтижесінде қалай шештіңіз?
- Ақырында, мен осы жүгіруден шаршап, Аlma-TQ көмегімен Адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстандық халықаралық бюроға жүгіндім. Олар сауал жазып құрастырып, оны тікелей білім министрлігіне жіберді.
Министрліктен қандай да бір жауап келді ме? Сіз оны дыбыстай аласыз ба?
- Ия, жауап келді және келесідей болды:
"Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім туралы құжаттың телнұсқасын беруге қатысты келесіні хабарлайды:
ҚР Білім Министрінің бұйрығымен бекітілген мемлекеттік үлгідегі білім туралы құжаттарды беру қағидаларының 11-тармағына сәйкес білім туралы құжаттардың телнұсқалары және оларға қосымшалар жоғалған немесе жарамсыз болып қалған құжаттардың орнына, сондай-ақ өзінің тегін (атын, әкесінің атын (бар болса) ) өзгерткен адамдарға беріледі.
"Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабына сәйкес өтініш беруші қабылданған шешіммен келіспеген жағдайда, ол тікелей сотқа өтінішпен жүгінуге құқылы.
— Ресми хат алғаннан кейін мен ХҚКО-ға тағы да бардым, Білім министрлігінен осы жауапты көрсеттім және енді ХҚКО қызметкерлері маған барлық қажетті құжаттарды ауыстыруға міндетті екенін айттым. Егер олар құжаттарды қабылдамайтын болса, маған бас тарту жайлы жазбаша түрде жауап беруі керек екенін ескерттім. Олар содан кейін барлығын қабылдайтынын айтты, бірақ егер университет, колледж немесе мектеп бас тартса, онда "олардың бұған еш қатысы жоқ" екенін мәлімдеді.
Диплом/аттестатты өзгерту үшін қандай құжаттар қажет болды?
— Менде білім туралы құжаттардың көшірмелері болды, сонымен қатар ХҚКО-ның өзінде үш нұсқа үшін белгіленген үлгідегі өтініштер бар: мектеп аттестатын ауыстыру үшін, колледж дипломын ауыстыру үшін және жоғары оқу орнының дипломын ауыстыру үшін. Бұл өтініштерді сол жерде қағазға басып шығарып береді. Мен барлық үш өтінішті толтырдым, тіпті бейнелеу өнері курстарын аяқтағаны туралы мектеп сертификатын өзгерттім. Сондай-ақ, менде аты-жөнін өзгерту туралы куәліктің көшірмесі және жеке куәліктің көшірмесі болды. Барлық осы көшірмелерді менен қабылдады. Керек бола қалған жағдайға мен Білім министрлігінің жауабының көшірмесін қоса бердім.
Нәтижесінде мен бәрін заңда белгіленген тәртіппен уақытында алдым – барлық мерзімдер сақталды. Мұның бәрі тегін екенін атап өткім келеді, мен еш жерде қосымша ақы төлемедім, ешқандай мемлекеттік баж төлемедім. Сондықтан, егер сізден ақша талап етуге тырысса, барлық мүмкін инстанцияларға шағымданыңыз (әрине, ҚР заңдарында бәрі тез өзгеруі мүмкін, бірақ қазіргі уақытта, 2021 жылы білім туралы құжаттарды өзгерту үшін ешқандай төлем талап етілмейді - авт. ескертуі).
Аттестатты ауыстыру үшін ХҚКО-ға енді ғана жүгінетін адамдарға не тілей аласыз?
— Егер сіз құжаттарды ауыстырғыңыз келсе, онда сіз құжаттардың телнұсқаларын алуға құқығыңыз бар деп жазылған заңды қағазға басып шығарып алыңыз. Егер сізге бас тартылса, онда жазбаша түрде бас тартуды сұраңыз. Дегенмен, егер сіз өзіңіздің қағазға басып шығарып алған заңға сілтеме жасасаңыз - бәрі бірден қабылданады. Өтініште аты-жөніңіздің өзгеруіне байланысты телнұсқаны алғыңыз келетінін көрсетіңіз (кем дегенде мен өз өтінішімде дәл осылай жаздым). Тағы бір сәт: мектепте маған "үш" орнына "төрт" деген жалған баға қойған болатын. Жаңа аттестатта, мен оны алған кезде, "үш" тұрды. Есіңізде болсын, телнұсқада сізге қателесіп қойған немесе "аяушылықтан" қойған баға емес, мұрағатта сақталған бағалар болады.
Білім туралы құжаттарды өзгерту туралы заң не дейді:
[...3 тарау. Білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру тәртібі
7. Білім туралы құжаттардың телнұсқалары және оларға қосымшалар (бұдан әрі - телнұсқа) жоғалған немесе жарамсыз болған құжаттардың орнына, сондай-ақ өзінің тегін (атын, әкесінің атын (болған жағдайда) өзгерткендерге беріледі.
Құжаттың телнұсқасын беру үшін мыналар негіздеме болып табылады:
1) құжатын жоғалтқан немесе бүлдірген білім алушының немесе кәмелет жасқа толмаған баланың ата-анасының (заңды өкілінің) білім беру ұйымы басшысының атына оның мән-жайы баяндалған жазбаша өтініші;
2) білім алушының туу туралы куәлігі немесе жеке куәлігі (паспорты) (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);
3) тегі (аты, әкесінің аты (болған жағдайда) өзгерген және білім туралы құжат бүлінген жағдайда білім туралы құжаттың түпнұсқасы қоса беріледі.
Телнұсқа өтініш берілген күннен бастап 30 жұмыс күнінен кешіктірілмей тегін негізде беріледі.
Сонымен, қысқаша:
Жоғары білім туралы дипломды өзгерту үшін сізге:
1. Телнұсқаны беру себептерін түсіндіретін білім беру ұйымы басшысының атына өтінішіңіз.
2. Туу туралы куәліктің немесе жеке куәліктің (паспорттың) көшірмесі)
3. Аты-жөніңізді өзгерткен кезде білім туралы құжаттың түпнұсқасы қажет.
4. Аты-жөнін өзгерту туралы куәлік
Егер сіз оқыған оқу орны жабылған болса, сіз оқу орнының орналасқан жері бойынша мұрағатқа жүгінуіңіз керек. Мемлекеттік мұрағаттардан немесе филиалдардан алған барлық көшірмелер мен үзінділер Ресми құжаттар болып табылады және түпнұсқалардың заңды күшіне ие.
Сол қағида бойынша колледжді/орта арнаулы оқу орнын/кәсіптік мектеп бітіргені туралы диплом өзгереді.
Мұнда сіз жоғалтқан білім туралы құжаттарын қалпына келтіру алгоритмін көре аласыз.
Егер ХҚКО немесе басқа да инстанциялардың қызметкерлері жоғарыда жазылғандай сізге бас тартқан жағдайда, бұл бас тартуды сізге жазбаша түрде беруді талап етіңіз. Белгілі бір қызметкердің бас тартуы туралы қағаз емес, міндетті түрде мөрлер қойылған болу керек. Қажет болған жағдайда біздің сайтымыздан көмек сұраңыз.
コメント